БастыҚоғам

Ақтөбеде карантин талаптары жеңілдеді

Ақтөбе 27 мамырдан бері «жасыл» аймақта тұр. Бүгін облыстың бас санитар дәрігері жаңа Қаулы шығарды.

Ақтөбеде бильярд, компьютерлік, боулинг клубтары жұмысын бастайды.

«Бильярд, компьютерлік, боулинг клубтары жұмысын бастай алады. Тек ондағы адам саны сыйымдылықтың 30% аспауы тиіс. Сонымен бірге балалардың ойын-сауық орталықтарында адам саны 50-ден аспайды. Банкет залдарында да адам саны 50-ден көп болмауы тиіс. Діни объектілер, оның ішінде мешіт, православие шіркеуі және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шаралар ашық ауада өткізілуі тиіс. Бетперде режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік қашықтық сақталғаны дұрыс»,- деп жазды облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар мейрамхана, дәмхана және кофехана секілді қоғамдық тамақтану объектілері сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

«Балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары, жабық базарлар, банктер, ХҚКО, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, сауна, СПА-орталық, бассейндерге еш шектеу жоқ. Балаларды сауықтыру ұйымдары (мектеп жанындағы, қала сыртындағы лагерьлер), асханалар тәулік бойы жұмыс істейді. Ал мейрамхана, дәмхана және кофехана секілді қоғамдық тамақтану объектілері сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін қызмет көрсетеді»,- деп атап өтілген Қаулыда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button