БастыСпорт

Мені бағаламады. Данияр Елеусінов Головкиннің промоутерінен неге кетті?

Бокстан Олимпиада чемпионы, қазір кәсіпқой бокста жартылай орта салмақта өнер көрсететін Данияр Елеусінов Matchroom Boxing промоутері Эдди Хирнмен келісімшартты неге тоқтатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Боксшының менеджері Элвис Креспо журналист Майк Коппинджерге берген сұхбатында Елеусінов Matchroom-мен келісімшарт мерзімі аяқталғанын, қазір ол еркін агент екенін мәлімдеген.

Елеусіновтің өзі бұл жағдайды түсіндірді. Даниярдың айтуынша, оның Хирн мен DAZN стриминг сервисіне көңілі толмаған.

«DAZN мені бағаламады. Мен Индонго деңгейіндегі боксшылармен тағы үш-төрт жекпе-жек өткізсем деймін. Содан кейін біз жартылай орта дәрежедегі чемпиондар туралы сөйлесерміз», – дейді Данияр Елеусінов.

Айта кетейік, Эдди Хирн қазір Геннадий Головкиннің бокстағы шаруасымен айналысады. Сондай-ақ, GGG-дің DAZN-мен де келісімшарты бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button