Найзағай, бұршақ, шаңды дауыл: Бүгін елімізде қандай ауа-райы күтіледі?

Бүгін еліміздің солтүстік, батыс және шығысында қатты жел соғып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе Түркістан, Атырау, Қарағанды өңірлерінде күн күрт бұзылып, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.

Синоптиктердің болжауынша, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Маңғыстауда жауын селдетеді.

Ал Алматы мен Павлодарда аптап ыстыққа байланысты өрт қаупі сейілмейді. Сондай-ақ бүгін Жамбыл және Қызылорда облыстарында шаңды дауыл тұрады.

Ал елордада күн ала бұлтты. Күндіз сынап бағанасы 27 градусқа дейін көтеріледі.