БастыҚоғам

Шарын шатқалындағы қайғылы оқиға: 2 қылмыстық іс қозғалды

Шарын шатқалындағы қайғылы оқиға бойынша полиция екі қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады.

«Екі бап бойынша: 306-баптың 3-бөлігі «Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер» және 141-баптың 2-бөлігі «Абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет» бойынша тергеу басталды», – деді ведомство өкілі.

Айта кетейік, ҚР ҚК-нің 306-бабы 3-бөлігі бойынша төрт жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

ҚР ҚК-нің 141-бабы 2-бөлігі бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button