БастыҚоғам

Сарыағашта қарсы жолаққа шығып кетіп, жүк көлігіне соғылған көліктегі 4 адам қаза тапты

Түркістан облысында жүк көлігінің қатысуымен болған жол апаты бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

31 мамыр күні шамамен сағат 12.25 кезінде Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жедел жәрдем желісінен көлік апаты жайлы хабарлама түскен.

Сарыағаш полицейлері аталған жайтты бірден ҚР ҚК 345-бабы 4 бөлігімен тіркеп, оқиға орнына жедел жетті.

Полиция қызметкерлері оқиға болған аумақты мұқият қарап, тиісті тексеру жұмыстарын жүргізді.

Анықталғандай Сарыағаш ауданы Қапланбек ауылдық округі Сарыағаш-Дербісек тасжолының бойында «Опель-Вектра» маркалы жеңіл автокөлігі қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен.

Сөйтіп өз жолында келе жатқан «Камаз» жүк көлігімен соқтығысқан.

Салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі және оның ішіндегі үш жолаушы оқиға орнында көз жұмған.

Ал «Камаз» жүк көлігінде тек жүргізушісі ғана болған, ол дін аман, ешқандай дене жарақатын алмаған.

Бүгінгі таңда бұл жайтқа байланысты тиісті сараптамалар тағайындалды.

Оқиғаның толық мәнжайы анықталу үстінде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button