БастыСаясат

Халықаралық гроссмейстер атанды: Президент Жансая Әбдімәлікті жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Жансая Әбдімәлікті ФИДЕ Гран-приіндегі тамаша жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жеңістің баршамыз үшін зор мақтаныш екенін айтты.

«Жансая – ерлер арасындағы гроссмейстер атағына қол жеткізген тұңғыш қазақстандық шахматшы қыз. Оның жетістігі елімізде осы спорттың дамуына тың серпін берері сөзсіз», делінген жазбада.

Айта кетейік, Жансая Әбдімәлік шахматтан Гибралтарда өтіп жатқан Гран-при жарысында мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды. Осы сайыстағы жеңісінің арқасында Жансая ерлер арасында гроссмейстер атанды.

Осылайша, 21 жастағы шахматшы әйелдер мен ерлер арасында халықаралық гроссмейстер атағын алған Орталық Азияның алғашқы өкілі болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button