БастыҚоғам

Бейбіт Атамқұлов ақылы жолдарға қатысты дауға пікір білдірді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов халық алдындағы есебі кезінде ақылы жолдардың мәселесіне тоқталды.

«Ақылы жолдар тәжірибесі әлемде кең таралған. Көптеген елдерде «Жолды кім пайдаланса, күтіп ұстау шығынын сол төлейді» деген әділ қағида жолға қойылған. Өйткені көп жағдайда жол төсемін пайданы ғана ойлайтын инертті материалдар тасымалдаушы ауыр жүк көліктері бұзып жатыр. Оның үстіне үшінші елдерден он мыңдаған транзиттік жүк машиналары Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Олар да жолдың бүлінуіне әсер етеді. Ал біздің тасымалдаушылар өзге елдердің аумағы арқылы өткенде барлық алымдарды төлейді ғой», – деді Бейбіт Атамқұлов.

Оның айтуынша, 2025 жылға дейін автомобиль жолдарының 11 мың шақырымына ақылы жүйені енгізу жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button