БастыСпорт

Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Каунаста футзалдан әлем чемпионаты негізгі кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы А тобына түсті, оның қарсыластары турнир қожайыны Литва, сондай-ақ, Коста-Рика мен мен Венесуэла құрамалары болады.

Еске салайық, басында футзалдан әлем чемпионаты 2020 жылы күзде өтуі керек болған, алайда пандемияға байланысты 2021 жылға шегерілген еді. Жарыс 12 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Литваның үш қаласы – Вильнюс, Каунас пен Клайпедте өтеді.

Топтық кезеңде 24 құрама өнер көрсетеді. Олар алты топқа бөлінген. 1/8 финалға әр квартеттің үздік екі командасы және өз тобында үшінші орын алғандар арасында үздік нәтиже көрсеткен төрт құрама шығады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button