Елордада «Бақытты балалық шақ» қайырымдылық іс-шарасы өткізілді

Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы 1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау күні» аясында «SOS Астана балалар қалашығының» 70-тен астам тәрбиеленушісіне арнап «Бақытты балалық шақ» қайырымдылық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс шара барысында Бәйтерек» монументі, EXPO «Нұр-Әлем», Ұлттық әскери-патриоттық музейі секілді елордамыздың көрікті жерлеріне екі қабатты автобустармен (RED BUS) экскурция өткізілді. Ұйымдастырушылар естелік сыйлықтар табыстап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Қайырымдылық іс-шара санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.