Түркістан облысында жоғалғандардың бірінің сөмкесі табылды

Сайрам-Өгем ұлттық паркі аумағында жоғалғандардың бірінің сөмкесі табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарушылар табылған затты полиция қызметкерлеріне тапсырды. Бұл туралы Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Айта кеткен жөн, тауда жоғалған жеті баланың екеуін іздеу жұмыстары әлі жалғасуда. Оған 12 бірлік техника мен 73 маман жұмылдырылды.

Еске салсақ, Түркістан облысының ұлттық табиғи паркінде жеті адам жоғалып кеткен еді. Кейін жоғалған екі туристің мәйіті табылды. Сайрам-Өгем мемлекеттік паркінде жоғалып кеткен екі турист әлі табылған жоқ.