Бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылдың 1-3 маусымына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Ауқымды циклон республиканың көп бөлігінде тұрақсыз ауа райын тудырады, найзағай күтіледі.

2 маусымда күндіз батыста, 3 маусымда республиканың солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін.

Тек республиканың солтүстік жартысында Солтүстік-Батыс антициклоны сілемінің әсерінен түнде 11…16, кей жерлерде 8, күндіз 21…26, кей жерлерде 18 градус жылы болады деп болжанады.