Бір апта ішінде 3 267 қылмыс жасалды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз хабарлады.
«Бір апта ішінде 3 267 қылмыс жасалды. Оның 2 201-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 8 кісі өлтіру қылмысын, 4 арты өлімге әкеп соққан қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 25 тонау және 504 бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарын ашты», – деді ол Ішкі істер министрлігінің онлайн брифингінде.