БастыТехнология
Әлемнің 20 елінен Egov.kz қызметін алуға болады
Шетелдегі қазақстандықтар электронды үкімет арқылы 5 қызмет түрін ала алады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Отандастарымыз некеге тұру не оны бұзу, туу және қайтыс болуды тіркеу, сондай-ақ аты-жөні мен әкесінің атын ауыстыру қызметтерін елге келмей-ақ алуға құқылы. Дайын құжатты Қазақстан елшілігінен немесе консулдығынан алу қажет. Қазірдің өзінде мұндай қызметтер әлемнің 20-дан астам нүктесіне қолжетімді. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы мен Цифрлық даму, инновациялар, аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлағандай, қызметті алу үшін консулдыққа төлем жасап, кейін бір айдан үш айға дейін күту керек болады.