БастыСпорт

Стенд атудан Қазақстан командасы Токио олимпиадасына тағы бір жолдама жеңіп алды

Стенд атудан Қазақстан командасының қоржыны тағы бір жолдамамен толықты. Халықаралық спорттық ату федерациясы (ISSF) стенд атудан Еуропа чемпионаты аяқталған соң, қосымша лицензияларды сарапқа салған болатын. Нәтижесінде, жолдама стенд атудан Қазақстан командасының мүшесі Зоя Кравченкоға берілді деп хабарлайды Olympic.kz.

Зоя Кравченко 1999 жылы 24 мамырда Шымкент қаласында дүниеге келген. Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Универсиада ойындарының және Үндістандағы әлем кубогі кезеңінің күміс медаль иегері. Сондай-ақ, кубоктік кезеңде командалық есеп бойынша чемпион атанған.

Жыл басынан бері қазақстандық мергендер әлем кубогі кезеңдері мен Азия чемпионатына қатысып, 10 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 2 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль бар.

Халықаралық федерация қосымша лицензияларды 2021 жылдың 7 маусымына дейін үлестіреді. Содан соң, Қазақстан спорттық ату федерациясы Олимпиада ойындарына қатысатын құрамды жариялайды.

Айта кетелік, бұл мергендер еншісіндегі үшінші, ал жалпы есептегі 61-жолдама. Бұған дейін нысана көздеуден Юрий Юрков, стенд атудан Сәрсенкүл Рысбекова лицензия жеңіп алған.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button