БастыҚоғам

Елімізде егін егу науқаны аяқталуға жақын – ҚР АШМ

Республиканың бірқатар аймақтарындағы фермерлер көктемгі егін егу жұмыстарын аяқтауға жақын. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл көктемгі дала жұмыстары штаттық режимде және тиімді мерзімде жүргізілуде. Фермерлер ылғалды жабу, егіс алқаптарын өңдеу және көктемгі жер жырту жұмыстарын уақтылы атқарды.

«Қазіргі уақытта көктемгі дала жұмыстары республиканың барлық өңірінде жүргізілуде. Айта кету керек, егіс науқанының қарқыны өткен жылғыдан асып түсті. Бүгінгі таңда 16,7 млн гектар немесе жалпы егіс алқабының 88,5%-ы егілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 млн гектарға артық. Оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 13,1 млн га (87,2%), майлы дақылдар 2,7 млн га (93,6%), басқа дақылдар 1 млн га (92%) жерге егілді», – деді А.Сапаров.

Сондай-ақ, бірінші вице-министр астық егетін негізгі облыстар мамыр айының ортасынан бастап жаппай егін егуге кіріскенін, Ақтөбе, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында егіс жұмыстары аяқталғанын хабарлады. Алматы, Қызылорда және Түркістан облыстарында егін егу жұмыстары аяқталуға жақын.

Биыл 22,8 млн гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Егіс алқаптарының құрылымын қалыптастыру кезінде әкімдіктерге әлеуметтік маңызы бар дақылдардың егіс алқаптарын кеңейтуге назар аудару ұсынылған болатын. Бұл қатарда картоп, қарақұмық, қант қызылшасы, майлы және жем-шөп дақылдары бар.

Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша егін егу жұмыстарын 3 маусымға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Биыл көктемгі егін егу жұмыстарына 128 млрд теңге қаржы жұмсалды.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button