Ажырасудың ең жоғарғы көрсеткіші Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген

2020 жылы Қазақстанда 128,8 мың неке заңдастырылса, 48 мың ерлі-зайыпты ажырасқан. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті.

Өткен жылы Қазақстанда Азаматтық хал-актілерін тіркеу (АХАТ) органдары 128,8 мың некені заңдастырды. Бұл, өткен жылмен салыстырғанда 7,6% аз.

128,8 мың некенің:

– 85,8% – моноэтникалық некелер, 14,2% – этносаралық некелер;

– 88,8 мыңы немесе 68,9% – қалаларда, 40,1 мыңы немесе 31,1% ауылдық жерлерде тіркелді;

– ерлердің 83,5% және әйелдердің 85% бірінші рет некеге тұрды;

– ажырасқаннан кейін қайта некеге тұрғандар: ерлер – 15,4%, әйелдер – 13,5%

Өткен жылы ең көп неке Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Ең азы – Солтүстік Қазақстан облысында.

Ерлердің 36,1% 25-29 жасында үйленеді, әйелдердің 43,7% 20-24 жасында тұрмысқа шығады.

2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда Қазақстанда ажырасқан жұптар саны 19,7% азайып, 48 мыңды құрады.

Оның ішінде:

– 34,4 мың ажырасу (71,7%) – қалаларда;

– 13,6 мыңы (28,3%) ауылдық жерлерде тіркелді.

– 1000 мың некеге 373 ажырасудан келеді.

Некені бұзудың ең жоғары көрсеткіші Нұр-Сұлтан қаласында және Павлодар облысында байқалды. Түркістан облысында ерлі-зайыптылар қарым-қатынасты үзуге ең аз барады.