БастыМәдениет

Павлодарлық домбырашы Golden Time Talent халықаралық фестивалінде үздік атанды

Екі кезеңде өткен байқауға 68 елден келген музыканттар қатысты,  деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодарлық Темірлан Олжабай Ернат  Наурызбен дуэтте  Халықаралық  Golden Time Talent фестивалінде бірінші орынды жеңіп алды.

– Түрлі санаттағы гранд-финал онлайн форматта өтті. Музыканттар Вивальдидің топтамасынан авторлық өңдеуде «Жыл мезгілдері» («Жаз»)  туындысын ойнады. Видеоны Ұлыбритания мен Қазақстан командасы түсірді, – деп хабарлады облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының бөлім басшысы Исатай Хикметов.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші қазақстандық домбырашылар дуэті Құрманғазы мен Нұрғиса Тілендиевтің туындыларынан қазақ күйлерінен попурри ойнады.

Музыканттар әлеуметтік желілерде қуанышты жаңалықтарымен бөлісті.

– Сүйінші! Әлемдік Golden Time Talent байқауында бірінші орын алдық! Өзіміздің британдық және қазақстандық командаларға алғысымызды білдіреміз, – деп жазды павлодарлық Instagram-да. – Біз тек қазақ данышпандарының ғана емес, әлемге әйгілі композиторлардың да шығармаларын ойнадық.

Жас әртістер  демеушілер мен продюсерлерсіз  биік жетістіктерге жетуде. Темірлан мен Ернат  – курстастар, Қазақ ұлттық өнер университетінде оқып жүрген кезден бірге жұмыс істей бастаған.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button