Коронавирус жұқтырған 100 адам ӨЖЖ аппаратында жатыр, 166 адамның жағдайы өте ауыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram парақшасы хабарлады.
27 мамырдағы мәлімет бойынша, 30 872 адам коронавирус инфекциясынан (30 297 КВИ+ және 575 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 11 724 пациент стационарда, 19 148 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 682 адамның жағдайы ауыр,
• 166 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 100 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.