Атырау облысында «ГАЗельден» секірген әйел мерт болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқыс оқиға 23 мамырда сағат 18:30 шамасында «Атырау-Индер» жолында болған.
Жүргізуші «ГАЗель» көлігінен түтін шыққанын байқаған.
Сол себептен қасындағы жолаушы – 1969 жылы туған әйелден көліктен секіруін өтінген.
«Жүріп келе жатқан «ГАЗельден» секірген әйел көліктің астына түскен. Жолаушы оқиға орнында көз жұмған. Қазір тергеу басталды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.