БастыҚоғам

Ақорда маңы өртенді

Ақорда маңында терек мамығы өртенді.

«Бүгін, 25 мамырда сағат 14.06-да Д.Қонаев көшесінде терек мамығы жанып жатқаны анықталды, ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері бірден шақырту орнына аттанды. Өрт сөндірушілер сағат 14.13-те келген бойда шамамен 250 шаршы метр аумақта терек мамығы жанып жатқанын анықтады. Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамынан 10 адам, 2 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 14.29-да сөндірілді», деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД баспасөз қызметі.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button