БастыСпорт

«Астана» мен «Қайрат» тең тарқасты

Футболдан Қазақстан чемпионатының 13-турының орталық ойынында «Астана» мен «Қайрат» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Матчтағы екі гол да кездесудің соңында соғылды. Тигран Барсегян 87-минутта есеп ашып, «Астанаға» жеңіс сыйлағандай әсер қалдырған. Алайда төреші қосқан қосымша минуттарда алматылықтардың капитаны Ғафуржан Сүйімбаев таразы басын теңестірді.

ҚПЛ. 13-тур

«Астана» – «Қайрат» – 1:1(0:0)

Гол соққандар: Барсегян 87, Сүйімбаев 90+2

«Қайрат»: Покатилов, Сүйімбаев, Әліп, Поляков, Миканович, Әбікен, Косович, Оганесян, Алықұлов, Канте, Вагнер Лав.

Қосалқы құрам: Устименко, Кейлер, Ульшин, Буранчиев, Усенов, Астанов, Сейдахмет, Мамба, Шушеначев.

«Астана»: Непогодов, Лопес, Томашевич, Ароян, Рукавина, Шимунович, Чуперка, Бейсебеков, Барсегян, Томасов, Айымбетов.

Қосалқы құрам: Заруцкий, Подымский, Скворцов, Смайлагич, Сағынаев, Прокопенко, Совет, Гурман, Басманов, Қуат, Эбонг.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button