БастыҚоғам

Асқар Мамин Риддердегі өрттен зардап шеккен тұрғындармен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Риддер қаласына барды. Бұл туралы primeminister.kz. ресми сайты хабарлады.

Үкімет басшысы биыл 10 мамырда өрт салдарынан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесу өткізіп, зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысы жұмыстарының барысын тексерді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Риддер қаласында болған өрттен зардап шеккен барлық отбасылар жақын арада жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдады», — деді А. Мамин.

Өрттен зардап шеккен отбасыларға арналған 30 жаңа тұрғын үйдің құрылысы төтенше жағдайлар салдарын жою үшін қарастырылған Үкімет резервінің қаражаты есебінен жаңа «Ботаника үшінші тұрғын үй ауданында» жүргізілуде. Әр үйдің ауданы – 80 шаршы метр, ал үй маңындағы жеке учаске көлемі – 10 сотық. Риддер қаласында болған өрт салдарын жою үшін 557, 5 млн теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстарын «ОблШығысЖол», «VK Invest Company», «QK Sunqar», «Востоквзрывпром», «Kazprofstroy Holding» компаниялары жүргізуде. Үйлердің құрылысын биылғы 15 тамызға қарай аяқтау жоспарланған. Жаңа шағын ауданда барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салынады.

Жұмыс сапарына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қатысты.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button