БастыСпорт

Дзюдодан әлем чемпионатына кімдер қатысады?

Дзюдодан Венгрияның Будапешт қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасының құрамы белгілі болды. Бас бапкер Ғалымжан Жылгелдиев Будапештке аттанатын спортшылар тізімін жария етті, деп хабарлайды ҚР ҰОК баспасөз қызметі.

Әлем чемпионатында Қазақстан атынан 9 спортшы қатысады.  60 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Мағжан Шамшадин; 66 келі: Елдос Жұмақанов; 73 келі: Жансай Смағұлов, Аңсар Ғайнуллин 81 келі: Дидар Хамза 90 келі: Ислам Бозбаев, Ерсұлтан Мұзапаров; +100 келі: Ерасыл Қажыбаев.

Дзюдодан әлем чемпионаты 6-13 маусым аралығында өтеді.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button