
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин азаматтық қорғаныс қызметкерлерінің ауыр физикалық және психологиялық жүктемемен жұмыс істейтініне байланысты зейнетке шығу жасын қысқарту көзделіп отырғанын айтты.
«Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік қамтамасыз етуді жақсарту үшін тұрғын үй төлемдері мәселесі пысықталып жатыр. Сондай-ақ құтқарушылардың зейнеткерлік жасын «азаматтық қызметшілер» санаты бойынша қысқарту көзделген. Қазір бізде құтқарушылар зейнетке 63 жасында шығады. Сала мамандарының қызмет барысында ауыр физикалық және психологиялық жүктемемен жұмыс істейтінін білесіздер», – деді министр.