БастыҚоғам

Алдағы күндері 38 градусқа дейін ыстық болады

Алдағы үш күнде Қазақстанның барлық бөлігі жоғары атмосфералық қысым әсерінде болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Тек Шығыс Қазақстан облысында ғана биіктіктегі жылғаның әсерінен 22 мамыр күні аздаған жауын-шашын мен түнде қатқақ сақталады. Иран аудандарынан жылы және құрғақ ауа массалары белсенді жылжып, олармен бірге елімізде ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы, тіпті қатты ыстық күн райы күтіліп отыр.

24 мамыр күні күндіз термометр бағанасы 30-38 градус ыстықты көрсетеді, еліміздің оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық бөлігінде күн 25-35 градусқа дейін ысиды.

Республиканың жекелеген аудандарында жел күшеюі ықтимал, ал оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл соғады.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button