БастыМәдениет

Актер Фархат Әбдірайымовтың неден қайтыс болғаны белгілі болды

Қазақстандық атақты актер Фархат Әбдірайымов неден қайтыс болғаны белгілі болды. Бұл туралы Tengrinews хабарлады.

«Қазақфильм» киностудиясының мәліметінше, актердің өліміне инфаркт себеп болған.

«Бүгін, 56 жасында белгілі қазақстандық актер және продюсер Фархат Әбдірайымов Грузияда түсірілім алаңында қайтыс болды. Актердің туыстарының айтуынша, өлімге инфаркт себеп болған.

«Қазақфильм» киностудиясының ұжымы Фархат Нұрсұлтанұлының отбасы мен жақындарына ортақтасып көңіл айтады. Бұл бүкіл қазақстандық кино үшін үлкен қаза.

Актермен қоштасу күні мен орны кейінірек хабарланады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Грузияда түсірілім алаңында актер Фархат Әбдірайымов қайтыс болғаны хабарлаған едік.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button