
55 жастағы танымал актер Фархат Әбдірайымов Грузиядағы түсірілім барысында қайтыс болды. Бұл ақпаратты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі растады.
Әбдірайымов Фархат Нұрсұлтанұлы 1966 жылы 21 қаңтарда Алматы қаласында туған. Ол Алматы технологиялық университетін инженер-технолог мамандығы бойынша тәмамдаған.
Ол «Шанхай», «Ақсуат», «Омпа», «Махаббат тәлкегі», «Сиқыршы демеуші» сынды фильмдерге түскен.