БастыМәдениет

Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіштің эскиздері жарияланды

Нұр-Сұлтан әкімдігі жариялаған Батырхан Шүкенов ескерткішінің үздік эскиз-идеясына арналған байқау мамыр айының соңына дейін жалғасады. Алғашқы эскиздер пайда болды, онда композитор әртүрлі вариацияларда, соның ішінде сүйікті музыкалық аспабы — саксофонмен бейнеленген, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Эскиздер бойынша ұсыныстарды Birge платформасында — оң жағындағы төменгі бұрышта «Кері байланыс» арқылы, сондай-ақ centerofurbanism@gmail.com поштасына жіберуге болады.

Қалалық саябақта әнші және композитор Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнату жоспарлануда. Жоба демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Бүгін, яғни 18 мамырда композитор 59 жасқа толар еді.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button