БастыӘлем

«Евровидение» байқауын «Хабар» арнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады

Нидерландының Роттердам қаласында «Евровидение» халықаралық вокал байқауының ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараға Польша мен Исландия елдері қатыса алмады. Оған осы елдерден келген команда мүшелерінің бірінде коронавирус індетінің анықталуы себеп болды. Сонымен қатар олармен бір қонақ үйде тұрақтаған Румыния мен Мальта делегациясы да ашылу салтанатынан қапы қалды. Енді барлық команда мүшелері қайта тест тапсырып нәтижесі шықпайынша карантинде отыруы шарт.

Айта кетейік, «Евровидение» халықаралық ән байқауы мамырдың 18-і мен 22-сі аралығында өтеді. Биыл шара 66-мәрте ұйымдастырылуда. Ал былтыр байқау  коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілген болатын.

Биылғы байқаудың финалы мен жартылай финалына 3,5 мың көрермен қатыспақ.

Естеріңізге салайық, «Хабар» Агенттігі 2016 жылдан бері Еуропалық хабар тарату одағының мүшесі әрі «Евровидение» байқауының басты ұйымдастырушысы болып саналады. Қазақстандықтар ән байқауының финалы мен жартылай финалын мамырдың 18,20,22 күндері тікелей эфир арқылы тамашалай алады.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button