Бастыпроисшествие

БҚО-да автокөлік жылқыға соғылып, бір отбасының 3 адамы көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында автокөлік жылқыға соғылып, бір отбасының үш адамы қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 16 мамыр күні сағат 22.30 шамасында Ақжайық ауданы аумағында болды.

Орал-Атырау жолының 75-шақырымында Алғабас ауылы тұсында 1967 жылғы жүргізуші айдаған «ВАЗ-21113» автокөлігі екі жылқымен соғылған.

Жол апаты салдарынан салдарынан жүргізушіге қоса оның 85 жастағы анасы мен 13 жасар ұлы оқиға орнында көз жұмды.

Мүрделер сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Сондай-ақ түрлі жарақат алған 61 және 50 жастағы әйелдер Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ауруханаға түскен екі адамның жағдайы орташа.

Оқиға орнында ТЖ және полиция департаментінің қызметкерлері жұмыс жасады.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button