БастыҚоғам

Бүгін елімізде қатты ыстық болады

17 мамырда Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклоны әсер ететіндіктен, күн райы ашық болады.

Тек еліміздің солтүстік, орталық және шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр жауады. Еліміздің кей жерлерінде, оңтүстік және оңтүстік-батыста жел күшейіп, шаңды дауыл соғады. Түркістан облысында, Маңғыстау облысында таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғуы ықтимал, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, күндіз Түркістан облысында екпіні 25 м/с жетеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы15-20 м/с жетеді. Жамбыл облысында, күндіз Атырау облысының кей жерінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Күндіз Ақмола, Атырау, Қостанай, оңтүстік Батыс Қазақстан облысында қатты ыстық болады. Қызылорда облысының басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button