БастыҚоғам

«Ashyq» арқылы бір айда 1749 науқас анықталған

12 сәуірден бері Ashyq қосымшасы арқылы 1749 – қызыл түсті, 1268 сары түсті статустағы адам анықталған.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Ashyq қосымшасының 13 сәуірге дейінгі жұмыс нәтижелерін жариялады.

«Ashyq қосымшасын 1,1 миллионнан астам пайдаланушы жүктеген. 12 сәуірден бастап 1 749 – қызыл түсті, 1 268 сары түтсті статусы бар келуші анықталды. Барлық өңірде жобаға 5 035 қатысушы нысан тіркелді. Қосымшада 1 200 өтініш қаралып жатыр», – деді «Атамекен» өкілі.

Оның айтуынша, қосымша іске қосылғаннан бері 20 мыңнан астам пайдаланушы өздерінің мәртебесін ashyq.kz веб-сайты арқылы үйден тексеріп, 465 адам қызыл түсті статусын анықтаған.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button