БастыҚоғам

Қаңтар-наурызда 2 621 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 968 адам зардап шеккен

Қазақстанда осы жылдың 3 айында 224 мыңнан астам көлік тіркелді. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы хабарлады.

«2021 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстан Республикасында 224 421 жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл 2020 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,5 пайызға көп. Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3 849,9 мың бірлікті құрады. 2021 жылғы қаңтар-наурызда 2 621 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 968 адам зардап шеккен», делінген хабарламада.

Айта кетейік, өткен жылғы дәл осындай кезеңмен салыстырғанда жол-көлік оқиғасы 4,3 пайызға кеміген.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button