БастыҚоғампроисшествие
Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваның денесі елге жеткізілді
Грузияда қаза тапқан 26 жастағы Әсел Айтпаеваның денесі бүгін Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Марқұмды туыстары елорда маңындағы Қабанбай батыр ауылында жерлемек. Жас қыздың денесін бір сағат бұрын Тбилисиден анасы алып келген. Ол: «Әселдің өз еркімен көп қабатты үйден секіруі мүмкін емес», дейді.
Бүгінде жерлесіміздің өліміне қатысы бар деп 4 азамат күдіктеніп отыр. Солардың бірі қайтыс болған қыздың күйеу баласы. Ол кезінде марқұмды Грузияға жұмыс істеу үшін шақыртып алыпты. Бірақ Грузияның Бас прокуратурасы «марқұм өз-өзіне қол салған» деген нұсқаны да жоққа шығармайды.