БастыҚоғам

Жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Қазақстан бойынша 2021 жылдың 13-15 мамырына арналған ауа райы болжамы жарияланды.

«13 мамырда атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен кей жерлерде жауын-шашын болады, шығыста қатты жаңбыр жаууы мүмкін. 14 мамырдан бастап еліміздің басым бөлігінде, Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысын қоспағанда Солтүстік-Батыс антициклонының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болжануда, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 15 мамырда елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде 1 градусқа дейін үсік жүретіндіктен, топырақ беті қатуы мүмкін. Республиканың жекелеген облыстарында жел күшейіп, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button