БастыҚоғампроисшествие
Павлодарда зейнеткер балконнан құлап кетті
Егде жастағы әйел адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
«11 мамыр күні сағат 13.00-де зейнеткер абайсызда екінші қабаттағы балконнан құлап кеткен. Оқиға Назарбаев даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқыс оқиға салдарынан жарақат алған зейнеткер ауруханаға жатқызылды.