Басты

ШҚО-дағы өртке қатысы бар болуы мүмкін бір адам ұсталды

Полиция Риддердегі өртке қатысты күдіктіні ұстады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

«Бұл мәселе ТЖМ құзырына кірмейді. Біздің білуімізше, Ішкі істер министрлігі бір адамды ұстаған. Алдын ала мәлімет бойынша далада от жаққан. Толық ақпаратты Ішкі істер министрлігінен біле аласыздар»– деді Талғат Уәли БАҚ өкілдеріне.

Еске салсақ, кеше Риддерде ауқымды өрт болып, салдарынан 73 жастағы әйел адам көз жұмды. Соңғы дерек бойынша 283 гектар аумақ отқа оранған.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button