Бастыпроисшествие

ШҚО-дағы өрт: 283 гектар аумақ отқа оранған

Төтенше жағдайлар министрлігі әуеден жүргізген бақылау негізінде Риддердегі орман өртінің аумағын қайта нақтылады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты.

Мәліметтерге қарағанда, өрт 5 көшені шарпыған (Б.Комиссаров, Сосновый бор, Коммунальная, Лихачев, Жуковский). Аталған көшелерде 59 тұрғын үй болған, оның ішінде 37 тұрғын үй өртенген (9 шаруашылық құрылыс). Өртенген үйлерде 83 адам, оның ішінде 10 бала тұрды. Зардап шеккен тұрғындар ішінен 13 адам жатақханаға, қалған 68 адам туыстарының үйлеріне орналастырылған.

Бұрын хабарлағанымыздай, жедел жәрдем желісі бойынша Лесхоз кентінен 1949 және 1980 жылы туған екі ер адам күйік шалып, жергілікті ауруханаға, реанимация бөліміне жеткізілгені туралы ақпарат келіп түсті. Өрт орнында 1948 жылы туған әйелдің мәйіті табылды.

Алдын ала берілген ақпарат бойынша мамандар қасақана өртеу және отты абайсыз қолдану нұсқаларын қарастыруда.

Қазивиаорманкүзетінің Ми-8 тікұшағымен өртті биіктіктен сөндіру жұмыстарының нәтижесінде:

Бүгін сағат 07.00-де елді мекен аумағындағы өрт сөндірілді. Орман өрті периметрінің шетінде ашық жану жоқ. Қазіргі уақытта жекелеген учаскелерде ағаш діңдерін сөндіру жүргізілуде.

Сағат 07:30-де барлау жүргізу және өрт алаңын нақтылау үшін Қазивиаорманкүзетінің тікұшағымен ұшу жүзеге асырылды, оның қорытындысы бойынша өрт алаңы – 283 га болып нақтыланды, – дейді Талғат Уәли.

Өртті сөндіруге жергілікті атқарушы органдардың, ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерінің және орман шаруашылығының 493 жеке құрамы, 69 бірлік техника және 2 тікұшағы жұмылдырылған.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button