БастыӘлем

Қазан қаласындағы мектепте атыс болды

Қазан қаласындағы Файзи көшесіндегі мектепте белгісіз екі адам оқ жаудырды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

«Қазіргі мәлімет бойынша, атысты белгісіз екі адам бастаған. Зардап шеккендер бар, олардың қанша екені және оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр», – деді мәлімет беруші.

Оның айтуынша, білім мекемесіндегі атысты жасөспірім бастаған және қазіргі кезде ол ұсталған.

Қазіргі кезде оқиға орнында құқық қорғау органдары мен шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр. Татарстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, мектепке қарай Қазан қаласындағы жедел медициналық жәрдемнің 21 бригадасы мен республикалық апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері жіберілді.

Айта кетейік, Республика президенті Рустам Миннихановтың айтуынша, Қазан мектебінде атыс шығарған 17 жастағы жасөспірім. Оған ресми түрде қару тіркелген.

URD_news Telegram-арнасы ықтимал күдікті Ильназ Галявиевтің суретін жариялады. Telegram-арнасының болжамы бойынша, күдікті парақшасында қоқаң-лоққы сипатындағы жазба жариялаған.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button