Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Риддер қаласының жанындағы Лесхоз кентіне барып, тұрғындармен кездесті. Бұл туралы ол өзінің Инстаграм парақшасында жазды.
«Бүгін біздің өңір үшін өте ауыр күн болды. Өрт кезінде қаза тапқан кент тұрғыны Галина Филаретовна Спивакованың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Сондай-ақ, табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға зор денсаулық пен тезірек сауығуларын тілеймін.
Үкімет пен облыс әкімдігі тарапынан сіздерге жан-жақты қолдау мен көмек көрсетіледі! Өрттен зардап шеккендердің барлығы баспана алады!
Бұл жұмыс ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ерекше бақылауында екенін атап өткім келеді.
Қазіргі уақытта, расталған ақпаратқа сәйкес, 35 үй мен 9 ғимарат өртенді.
Алдын ала есеп бойынша, тұрғын үй мәселесін толық шешу үшін бізге екі жарым ай қажет» – деді Даниал Ахметов.
Сонымен қатар барлық құжатты бірқалыпты тәртіпте қалыпқа келтіретіндерін айтты.
«Полиция департаменті мен ХҚКО ертеңнен бастап бұл жұмыспен айналысады. Барлық құжаттарды бірқалыпты тәртіпте қалпына келтіреміз», деді.
Мүліктік шығындарына қатысты, төлемдер заңға сәйкес жүзеге асырылатынын айтты. Оның айтуынша, арнайы комиссия жұмыс істеп, шығындардың құнын анықтайды және заңнама ережелеріне сәйкес өтемақымен айналысады. Агротехникалық колледж жатақханасы мен профилакторий базасында барлық зардап шеккендерді қоныстандыру үшін орындар ұйымдастырылды.