БастыҚоғам

Мамырдың 11-і күнгі ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК-сы мамырдың 11-і күнгі ауа рай болжамы жариялады.

Кәсіпорын таратқан мәліметтер бойынша, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн құбылмалы болады.

Қазақстаның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман түсіп, найзағай ойнап, жел күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Жамбыл облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15- 20 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, түнде Маңғыстау облысында жел 15- 20 м/с жылдамдықпен соғады.

Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15- 20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды, бұршақ жаууы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрады.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, тауда найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 1 градус үсік жүреді. Қызылорда облысының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button