БастыҚоғам

Ақтөбеде жабық базарлар ішкі тәртіпке сай жұмысын қайта жандандырды

Ақтөбе облысында барлық базар жұмысын жандандырды. Сонымен бірге мейрамханалар өзге қоғамдық тамақтану орындары секілді адамдарды қабылдайды.

Ақтөбе облысының бас санитария дәрігерінің қаулысына сәйкес банктер, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен пошта бөлімшелері сағат 09:00-18:00 аралығында жұмыс істейді. Ashyq жобасына енгізілген жазғы алаңдар, мейрамхана, дәмхана және кофехана типті қоғамдық тамақтану объектілері сағат 07:00-ден 24.00-ге дейін ашық болады.

«Діни объектілердің жұмысына, яғни, мешіт, православ шіркеуі және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды, оның ішінде жұма намазы, күнделікті православия дұғалары және басқа рәсімді ашық ауада өткізуге рұқсат. Тек бетперде режимі сақталады. Бір адамға кемінде 4 шаршы метр жер тиесілі. Ал жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шараны өткізуге болмайды. Театр, кинотеатр, концерт залдары, филармонияларда сыйымдылықтың 20 пайызында ғана көрерменді кіргізуге рұқсат беріледі. Ашық ауада жұмыс істейтін аттракциондарда да санитарлық талап сақталуы тиіс. Балаларды сауықтыру ұйымдары да сыйымдылықтың 50 пайызымен адам қабылдай алады. Ashyq жобасы арқылы спорт жарыстарына жанкүйерлер кіргізіледі. Базарлар, сауда үйлері, желілер, дүкендер, моншалар және т.б. жұмысына еш шектеу қойылмайды», – деп хабарлады облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button