БастыДенсаулық

Сот Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін тағы бір айға ұзартты

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту туралы тергеу органының өтінішін ішінара қанағаттандырды.

Сот шешімін оқыған судья Айбек Әбу экс-министрдің тағы бір ай үйқамақта болатынын мәлім етті.

«Ауданаралық тергеу соты үйқамақ мерзімін 8 айға дейін – 2021жылдың 14 маусымына дейін созу керек деп санайды. Сот тергеу органының Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 8 айға дейін ұзарту туралы өтінішін ішінара қанағаттаyдыру керек деген шешім шығарды. Е.Біртановқа медициналық мекемелерден басқа нысандарға үйден шығуға рұқсат бермеу туралы бөлігін қанағаттандырудан бас тартылды», – деді судья Айбек Әбу.

Еске салсақ, кешегі өткен отырыста прокуратура өкілі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзартуды сұрады.

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов былтыр маусым айында қызметінен босатылған. Ал күзде экс-министр бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынды.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button