БастыҚоғам

Қазақстанда қанша ҰОС ардагері қалды?

Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысында болған 665 ардагер бар. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов мәлім етті.

«2020 жылы 1025 ардагер болса, биыл – 665. Ардагерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды, соның ішінде тыл еңбеккерлерін алатын болсақ, олардың саны 127 мыңнан 114 мың адамға дейін қысқарды», – деді Әукенов ОКҚ онлайн-брифингінде.

Айта кетейік, оның айтуынша барлық өңірде ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 1 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді. Қоршаудағы Ленинград тұрғындары мен концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына кемінде 50 мың теңге, Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болған мүгедектердің әйелдеріне, соғыста қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне және ҰОС жылдары тыл еңбеккерлеріне – кемінде 30 мың теңге берілді.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button