БастыҚоғам

19 жастағы студентті көлік үшін өлтірген күдіктілер ұсталды

Ақмола облысында такси жүргізушісін өлтірді деген екі күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, сейсенбі, 4 мамырда Бурабай ауданындағы полиция басқармасының кезекші бөліміне 45 жастағы тұрғыннан хабар түскен. Ол 3 мамырда шамамен сағат 21.00-де 19 жастағы ұлы жоғалып кеткенін айтқан. Жәбірленушінің анасы ұлы қара түсті «Мерседес-180» автокөлігімен үйден шығып, жоғалып кеткенін хабарлаған.

Бұл дерек бойынша, жедел қызмет өкілдерінің жеке құрамы жасақталып, жоғалған автокөлік іздеу жұмыстары кезінде Щучинскідегі жергілікті үйлердің бірінен табылған.

Полицейлердің мәліметінше, бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Бурабай ауданының полиция бөлімі облыстық Полиция департаментімен бірлесіп 20 және 22 жастағы күдіктілерді ұстады. Олар жасаған ісін мойындап, қылмыс қай жерде болғанын және марқұмның денесін қайда жасырғандарын айтты.

Марқұм бос уақытында такси қызметінде жұмыс істеген, күдіктілер жүргізушіні «Индрайвер» қосымшасы арқылы шақырған.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button