CTS көлік компаниясы Нұр-Сұлтанда мереке күндері қоғамдық көліктер 9 мамырдан басқа күндері қалыпты режимде жүретінін мәлімдеді.
«9 мамырда, жексенбіде Нұр-Сұлтанда қалалық және қала маңында жүретін автобустар бір күн жүрмейді. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Қалған мереке күндері, атап айтқанда 7, 8 және 10-ы елордалық қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істейді», – деп хабарлады компания өкілдері.
Олар тұрғындардан маска тағу режимін сақтауды сұрады. Қоғамдық көліктерге маскасыз кіруге тыйым салынады. Жол жүру ақысы тек қолма-қол ақшасыз: картамен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы төленеді.