БастыҚоғам

Ақмола облысында екі мас жолаушы такси жүргізушісін өлтіріп кетті

Ақмола облысында екі мас жігіт 19 жастағы такси жүргізушісін өлтіріп кетті. Күдіктілер жақын маңнан көлік ұрламақ болып такси жалдаған. Жүргізуші мас жолаушыларды тапсырыс берген жерлеріне апарудан бас тартқан. Бұл туралы TengriNews хабарлады.

Сейсенбі, 4 мамырда Бурабай ауданындағы полиция басқармасының кезекші бөліміне 45 жастағы тұрғыннан хабар түскен. Ол 19 жастағы ұлы жоғалып кеткенін айтқан.

Артынша полицейлер екі ер адамды – Щучинскінің 22 жастағы тұрғыны мен Қатаркөл ауылының 20 жастағы тұрғынын ұстады.

Алдын ала болжам бойынша, 4 мамырға қараған түні екі ер адам Қатаркөлден Щучинскіге көлік ұрлауға шыққан. Олар бұл үшін inDriver сервисі арқылы такси шақырған.

Жүргізуші екі жолаушы да мас екенін байқап, оларды тапсырыс берген жеріне жеткізуден бас тартқан. Осылайша жүргізуші мен жолаушылар сөзге келіспей қалған: ер адамның бірі жүргізушіні қылғындырып, екіншісі оны әйнек бөтелкемен басынан ұра бастаған. Бөтелке сынып кеткеннен кейін, ер адам жүргізушінің мойнын тіліп тастаған.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button