БастыҚоғам

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 6 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялайды.

Қазақстанның солтүстік аймақтарына циклон жырасы әсер етеді, соған байланысты аздаған жаңбыр күтіледі.

Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыста атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Тек батыс пен шығыста антициклон ықпал ететіндіктен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, солтүстігінде тұман, оңтүстігінде шаңды дауыл, оңтүстік-шығысында қатты дауыл күтіледі, бұршақ болуы ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерлерінде қатты дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түркістан, Қызылорда, түнде Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында шаңды дауыл күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 жылдамдықпен соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай, күндіз Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button