БастыСаясат

Мәжіліс аудан әкімдерін сайлау бойынша заң жобасын мақұлдады

ҚР Парламенті Мәжілісінде Президент бастамалық еткен аудан әкімдерін сайлау ұсынысы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңы жобасын таныстырды.

«Мемлекет Басшысының өткен жылғы 1 қыркүйектегі жолдауындағы тапсырмасын іске асыру барысында еліміздің аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауын енгізу мәселелері бойынша заң жобалары әзірленді. Негізгі заң жобасында «Сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер енгізілу көзделіп отыр», – деді Ұлттық экономика министрі Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, қазір елімізде 2345 әкімшілік-аумақтық бірлік бар. Оны ішінде, биылғы екінші жартыжылдықта 836 әкім тікелей дауыс беру арқылы сайланатын болады.

«ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес, біліктілік талаптарына сай келген және 25 жасқа толған еліміздің кез келген азаматы сайлана алады. Сондай-ақ, саяси партия мүшелері және сайлаушылардың жалпы санының кемінде 1% пайызына қол жинаған кандидаттар сайлауға түсе алады. Бұл ретте, аудан әкімінің, егер кандидаттар болмаған не біреуі ғана ұсынылған жағдайда, екі не бір кандидаты ұсынуға құқығы бар», – дейді Ә. Ерғалиев.

Заң жобасында барлық кандидаттар үшін ең төменгі жалақы мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу көзделген.

«Сайлау 40 күн бұрын жарияланады, ал сайлаудың өзі қазіргі әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын өтеді. Сайлау өткізілгеннен кейін үш күн ішінде қорытынды шығарылады. Өз кезегінде сайланған әкім жүргізіп жатқан жұмысы үшін халыққа есеп береді», – деді Әсет Ерғалиев.

Конституциялық заң жобасын Мәжілістің жалпы отырысына қатысып отырған 95 депутаттың барлығы мақұлдады.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button