БастыСпорт

Қазақстандық каноэшілер екінші рет Олимпиадаға жолдама алды

Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде есуден Азия аймақтық іріктеу турнирінде Қазақстан қоржынына тағы бір жолдама түсті деп хабарлайды Olympic.kz.

Әйелдер арасында каноэмен 500 метрге жарысудан сынға түскен Маргарита Торлопова мен Светлана Усова өз тобында жеңіске жетіп, тиісінше Олимпиада жолдамасын иеленді.

Олар Индонезия, Иран және Таиланд спортшыларын артта қалдырған.

Бұл каноэшілердің екінші жолдамасы. Бұған дейін Сергей және Тимофей Емельяновтар жеңіске жетіп, лицензия ұтып алған болатын.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button